Биыл шілде айы соңғы 120 000 жыл ішіндегі ең жылы ай болды

409

Биыл теңіз бетіндегі температураның жаһандық рекордтары жаңарды.

Биыл шілде айы соңғы 120 000 жыл ішіндегі ең жылы ай болды Фото: inbusiness.kz

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) 2023 жылдың шілде айындағы орташа жаһандық температура рекорд жаңартқанын және соңғы 120 000 жылдағы ең жоғары температура болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар қызметі жазды.

"Біз 2023 жылдың шілде айында жаһандық орташа температура рекордтық деңгейде жоғары болғанын растаймыз", – деді "Коперник" Климаттың өзгеруі қызметі директорының орынбасары Саманта Берджесс.

Биыл теңіз бетіндегі температураның жаһандық рекордтары жаңарды. Шілдеде мұхит беті 1991-2020 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 0,51 градусқа жылыды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымнің өкілі Крис Хьюиттің айтуынша, 2015-2022 жылдар соңғы 170 жылдағы рекордтық деңгейде ең жылы жылдар болды.

Ұзақ мерзімді жылыну үрдісінің себебі – атмосферадағы булы газдар концентрациясының жоғарылауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу