Биыл шығарылған трактор мен комбайн саны екі есе көп

695

2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында отандық зауыттар 2,7 мың трактор мен комбайн шығарды.

Биыл шығарылған трактор мен комбайн саны екі есе көп

Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілері аграршыларға қажетті техниканы шығаруды шамамен екі есе арттырды. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады.

Пандемия мен әлемдік дағдарысқа қарамастан, қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер белсенді жұмыс істеуде. Мысалы, 10 ай ішінде елімізде өткен жылғыдан гөрі комбайндар мен тракторлар көбірек жасалған. 2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында отандық зауыттар 2,7 мың трактор мен комбайн шығарды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп және өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға көп. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау үшін елімізде инвестициялық субсидиялау, яғни АӨК субъектілері шығыстарының бір бөлігін өтеу тәжірибесі жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу субсидияланады (құнының 25%-ын өтеледі).

Ескере кететін жайт, ҚР-да тек отандық өндірушілердің ғана емес, импорттаушылардың да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу субсидияланады. Импорттық ауыл шаруашылығы тауарларына отандық техникаға қарағанда көбірек қаражат бөлінеді, кей жағдайларда 2-3 есе көбірек  қаржы жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу