Биыл Шығыс Қазақстанда 2 жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады

374

Қатонқарағай әуежайының дайындық деңгейі 55%-ды құрайды. 

Биыл Шығыс Қазақстанда 2 жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Қатонқарағай аудандарында әуежайлар құрылысы жоспарлы түрде жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысандар туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Үкімет отырысында жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндады.

Зайсан әуежайы бойынша дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Әуеайлақ бөлігінің құрылысы толық көлемде аяқталды. Қазіргі уақытта ғимараттар салу, инженерлік инфрақұрылым тарту, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасуда.

Қатонқарағай әуежайының дайындық деңгейі 55%-ды құрайды. Жасанды ұшу-қону жолағының асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу, ғимараттар салу, инженерлік желілер жүргізу, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасуда. Нысанды тапсыру қыркүйек айына жоспарланған. 

Осы жылы екі аэродромды да толық пайдалануға беру және сертификаттау күтілуде.

"Әуе компанияларын тарту және маршруттық желіні қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа әуежайлар бойынша бірінші кезеңде Өскемен, Алматы және Астана қалаларына ішкі әуе қатынасын ұйымдастыру, кейіннен халықаралық бағыттарды пысықтау жоспарланып отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру жолаушылар ағынын жылына 100 мың жолаушыға арттыруға – 700 мыңнан 800 мың жолаушыға дейін, заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға, ішкі және сырттан келу туризм саласына инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу