banner

Биыл Шымкентте 83 көпқабатты үй жөнделеді

817

Биыл Шымкентте 83 көпқабатты үй жөнделеді

2018 жылы Шымкент қаласында 83 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Облыстық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметі осындай, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқарма басшысы Марғұлан Марайымның айтуынша, бұл мақсатта 1,2 млрд теңге қарастырылмақ. Бұған қоса тағы 9 үйді сейсмикалық тұрғыдан нығайту үшін 453,5 млн теңге бөлу жоспарлануда

Қазіргі таңда облыста көпқабатты 3 518 тұрғын үй бар. Соның ішінде 1393 үйді күрделі жөндеу, ал 20-сын сейсмикалық нығайту қажет. Өңірдегі көпқабатты үйлерді күрделі жөндеудің 2017-2020 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспарына 2020 жылға дейін қосымша 488 үйді күрделі жөндеу енгізілген дейді сала мамандары. Бұл жұмыстарға 6 млрд 861 млн теңге бағытталуға тиіс. Нәтижесінде күрделі жөнделуі қажет үйлердің үлесін 39,6 пайыздан 25,7 пайызға азаяды деп күтілуде.

Айта кетейік, 2016 жылы өңірде көпқабатты үйлерді жөндеуге қаржы бөлінбеген. Ал 2017 жылғы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 44,4 пайыздан 42,5 пайызға төмендеді дейді басқарма өкілдері. Нақты айтқанда былтыр 723,4 млн теңгеге Шымкент қаласындағы 7 үй күрделі жөнделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу