Биыл СҚО-да көлік салығы аз жиналады

980

Шенділер бұған ресейлік көлік мінгендерді кінәлайды. 

Биыл СҚО-да көлік салығы аз жиналады

Азаматтар көрші елден автоны көп кіргізді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда KZ нөмірімен жүрген машиналар азайып кетті. 

"Биыл 562 млн теңге көлік салығы жиналады деп күтіледі, ал 2019 жылы 977 млн теңге жиналған", – деп хабарлады Петропавл экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жанболат Батырбеков.

Оның сөзінше, берешек соманың бір бөлігі салығы төленбей, сатылып кеткен көліктердікі. Ал 270-280 млн теңге мотор көлемі 4 литрден асатын көлік иелерінен алынады. 

Өңірде отандық нөмірдегі көлік азайғаны туралы тұжырымды аналитика да растайды. Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, 2017 жылғы 1 қаңтарда СҚО-да 151 129 көлік тіркеуде болса, 2018 жылы – 148 000, 2019 жылы – 144 326, ал 2020 жылғы 1 қарашада 128 088 машина есепте тұр. Яғни, Солтүстік өңірдің автопаркі жыл санап азайып келеді. Мұндай жағдай батыс аймақта да байқалады. 

Олжас Оқас

Фото: uralskweek.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу