Биыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

177

Бұл туралы "Рейтер" агенттігі жазды.  

Биыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін Фото: uchicago.edu

Агенттік климаттанушы ғалымдардың халықаралық зерттеу тобына сілтеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең қауіптісі, аптаптың салдарынан өрт жиілеп, басқа да табиғи апаттардың көбеюі ықтимал. Мамандар әсіресе Солтүстік жартышарда "Эль-Ниньо" құбылысы жағдайды ушықтырады деп болжайды. Яғни Тынық мұхитының экватор бөлігіндегі судың беті қатты қызып, ғаламдық жылуға тікелей әсер етеді.

Онсыз да жыл басынан бері қызыл жалынның кесірінен 150 миллион гектардан астам жер күлге айналды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 20 есе көп. Бәрінен Африка мен Азия елдері қатты зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу