Биыл тауарлы сүт фермасы құрылысына 100 млрд теңге бөлінеді

535

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин  Петропавлда өткен QYZYLJAR INVESTMENT FORUM-2024 инвестициялық халықаралық форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл тауарлы сүт фермасы құрылысына 100 млрд теңге бөлінеді Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

АШМ басшысының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы негізінен дәнді дақылдардың төрттен бірі және майлы дақылдардың үштен бірі өсірілетін, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндірілетін аграрлық өңір екенін атап өтті. 2023 жылы өңірдің АӨК саласына 192 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл республикадағы жалпы көлемнің 17% құрайды.

Аймақтың маңызды жобаларының бірі – өткен жылы сәтті басталған инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тәжірибесін қайталау. Осы тетіктің арқасында Солтүстік Қазақстан облысында 2 жыл ішінде 21 тауарлы сүт фермасы салынып, 2023 жылы шикі сиыр сүтін тауарлы өндіру көлемі 574,1 мың тоннаны құрады. 2023 жылы республика бойынша 65 ТСФ құрылысына 100 млрд теңге, ал 2024 жылы дәл осындай қаражат бөлінді. Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы министрлігі инвесторлар үшін барлық жағдайды жасап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, вице-министр жалпы Қазақстанның қандай инвестициялық артықшылықтарға ие екенін түсіндірді. Атап айтқанда, республика астық державасы ретінде жыл сайын 40-тан астам елдің нарығына 8 млн тоннаға жуық астық жеткізеді. Соңғы жылдары ел ұн экспорты бойынша жыл сайын 2,5 млн тоннаға дейін өнім экспорттай отырып, әлемде көшбасшы орында тұр. Ең маңыздысы жердің жартысынан астамын, яғни, 220 млн гектарды ауыл шаруашылығы алқаптары құрайды.

Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде инвестициялар тарту үшін жүйелі шаралар ретінде бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ АӨК басым бағыттары бойынша шығындарды 25% -дан 50% -ға дейін инвестициялық субсидиялау көзделген. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 124,4 млрд теңге (СҚО - 18,7 млрд теңге) қарастырылған.

Сондай-ақ инвестиция тартудың жүйелі шаралары ретінде заңнамалық деңгейде бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша шығындарды 25%-дан 50%-ға дейін инвестициялық субсидиялау қарастырылған. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 124,4 млрд.теңге қарастырылған (СҚО – 18,7 млрд.теңге).

Мұнан бөлек, инвестиция тартудың маңыздылығын ескере отырып, инвесторлар ірі жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметімен тікелей келісім жасай алады. Осылайша, стратегиялық инвесторлар салықтың негізгі түрлері (КҚС, ҚҚС, жер және мүлік салығы) бойынша арнайы жеңілдік шарттарын ала алады.

"Біздің басым бағыттарымыздың бірі – ауыл шаруашылығы шикізатын, оның ішінде ет пен сүтті, картопты, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жеміс-жидектерді, көкөністерді, былғары шикізатын өңдеуге шетелдік инвесторларды тарту. Біз қызығушылық танытқан компанияларды Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құруға шақырамыз", - деп түйіндеді сөзін Аманғали Бердалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу