Биыл террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды

104

Бұл туралы ҰҚК хабарлады. 

Биыл террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды Фото: Бейнежазбадан

Биылғы жылдың басынан бері ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың бірі, Алматы қаласының тұрғыны, 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар жағында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен.

2025 жылы шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шаралар аясында ол шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілді.

Террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Тағы бір азамат, Көкшетау қаласының тұрғыны, 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған.

ҰҚК шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп жүргізген операцияның нәтижесінде ұсталып, елге жеткізілді.

Сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы кезең ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды.

Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы 4 адамға сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылды.

Олар интернетте және өз айналасында террористік, экстремистік материалдар таратқан, сондай-ақ олардың ұстанымдарын қолдамайтындарға қатысты күш көрсетуге шақырды деп күдіктеліп отыр.

Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу