Биыл тұрғын үй құрылысы үш есе артты

1801

2019 жылы елімізде 100-ден аса тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, тағы 181-і салынып жатыр.

Биыл тұрғын үй құрылысы үш есе артты

Korter.kz сайтының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2015 жылы – 88, 2016 жылы - 148, 2017 жылы – 187, 2018 жылы – 226 жаңа үй салынған. Сарапшылар биыл бұл көрсеткіштер жоғарылайтынын айтуда. Себебі қазірдің өзінде елімізде 100-ден аса тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, тағы 181-і салынып жатыр.

2.      Қазақстанда пәтерлердің бағасы қанша?

Еліміз бойынша ең қымбат үйлер Алматы қаласында. 1 қыркүйекте тіркелген статистика бойынша, оңтүстік шаһарда жаңа пайдалануға берілген үйдің шаршы метрінің орташа бағасы - 441 966,9 теңге. Ал елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында - 332 393,6 теңге.

Қалалар бойынша пәтерлердің квадрат метрінің орташа бағасы:

1.      Нұр-Сұлтан - 332 393,6 ₸ / м2;

2.      Алматы - 441 966,9 ₸/м2;

3.      Шымкент - 280 166,7 ₸/м2;

4.      Қарағанды - 251 136,7 ₸/м2;

5.      Қостанай - 163 444,9 ₸/м2 ;

6.      Петропавл - 190 000,0 ₸/м2 ;

7.      Ақтау - 180 469,1 - ₸/м2 ;

8.      Атырау - 241 625,0 ₸/м2;

9.      Өскемен - 179 800,0 ₸/м2 ;

10.    Ақтөбе - 149 272,7 ₸/м2;

11.    Тараз - 120 000,0 ₸/м2 ;

12.    Павлодар - 160 000,0 ₸/м2;

13.    Қызылорда - 185 000,0 ₸/м2;

14.    Семей - 147 000,0 ₸/м2;

15.    Орал - 189 000,0 ₸/м2;

16.    Көкшетау - 224 000,0 ₸/м2.

Ал елордадағы ең арзан үйлер шаршы метріне 180-200 мың теңге тұрады. Алматыдағы ең төмен баға бір шаршы метріне 215-230 мың теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтанда жаңа салынған тұрғын үй кешендерінен ең арзан 18 шаршы метр пәтерді 3,8 млн теңгеге аласыз. Ал ең қымбат тұрғын жай бағасы 1 млрд теңгеден асады. Бұл ақшаға Алматыдағы элиталық санаттығы тұрғын үй кешендерінің бірінен аумағы 500 квадрат метрден асатын, сән-салтанаты келіскен 5 бөлмелі пәтер иесі атануға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу