Биыл тұрғын үймен қамтуға 100 миллиард теңге қарастырылған

1443

Бөлінген қаржы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы екі бағытта жүзеге асырылатын болады.

Биыл тұрғын үймен қамтуға 100 миллиард теңге қарастырылған

2019 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге 100 млрд теңге қарастырылған. Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның айтуынша, бөлінген қаржы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы екі бағытта жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бірінші бағыт тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға арналған. Оларға сатып алу құқығынсыз арендалық үйлер салынады. Осылайша, жыл сайын шамамен 6 мың пәтер пайдалануға беріледі", – деді ол.

Ал екінші бағыт Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

"Бұл ретте, тұрмысы төмен, көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға 20 жылға 2 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие берілетін болады", – деді Татьяна Савельева.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, негізгі мақсат отбасыларды пәтермен қамту болғандықтан, бөлінген 50 млрд теңгені теңдей бөліп, бір бөлігін арендалық пәтерге, екінші бөлігін жеңілдетілген несиеге беру жағы пысықталып жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу