Биыл Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасының жолы кесілді

1055

Олардан келген шығын мөлшері – 80 млн теңге. 

Биыл Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасының жолы кесілді

Биыл Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алаяқтар 586 жерлікті тұрғынды алдап, 80 млн теңгесін алған.

"Өңірде 200 қаржы пирамидасының жолы кесілді. Аз уақытта бай болғысы келетіндер азаймай тұр. Мысалы, "Жұмыс емес" қаржы пирамидасы салымшыларға интернет арқылы ойын бизнесінен пайда табуды ұсынған. 2019 жылғы 11 қарашадан 2021 жылғы 21 қыркүйекке дейін "М" есімді азаматтың банк шотына айтарлықтай көлемде ақша аударылған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Тергеу басқармасының басшысы брифингте.

Жандос Кенжебаев қозғалған қылмыстық істердің бірі Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілгенін, екінші іс тергеліп жатқанын атап өтті.

Ол былтыр да жергілікті қаржы пирамидасына алданып қалғанын жеткізді.

"2019-2021 жылдары WhatsApp мессенджері арқылы әрекет еткен "Айналайын жобасы 50%", "Асыл Инвест", "Оборот 30%" және "30% за 3 дня" сынды қаржы пирамидалары анықталды. Олардың әрекетінен 300-ден аса адам зардап шекті, 24 млн теңге шығын келді. Пирамидаларды ұйымдастырғандар бас бостандығынан айырылды", – деді Жандос Кенжебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу