Биыл Түркістанда 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

1034

2020 жылы Түркістан облысы бойынша қаржыландырудың барлық көзі арқылы 670 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарлануда. 

Биыл Түркістанда 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Бұл дегеніміз 6 мыңға жуық пәтер. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысымен 111,2 мың шаршы метр тұрғын үй (783 пәтер) пайдалануға берілген, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады.

Ал, облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңында оның 24-і пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан 37 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін 31 үй пайдалануға тапсырылады. Жалпы облыс орталығында биыл 184, 01 мың шаршы метр, яғни 2592 пәтер пайдалануға беріледі.

Елімізде дүниежүзілік COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында, облыс көлеміндегі құрылыс нысандарында инфекциясының алдын алуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сақтық шараларының жүргізіліп жатқанына облыс әкімдігі тарапынан күнделікті бақылау жүргізілуде. Жұмысшылар тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу