Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

121

Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылмен пара-пар.

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы есептелінеді. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара-пар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады", – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, өткен жылғы Ұлттық қордың табысы 8,7 млрд долларды құрады.

"Бұл жылдық мәнде 15 пайызға тең. Екі цифр да рекордтық саналады. Ұлттық қорды басқарған уақытта бері мұндай цифр болған емес. Сондықтан Ұлттық қордан алып қоюлар мен трансферттердің болуына қарамастан оның айтарлықтай артуына септігін тигізді", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу