Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді

482

Бұл туралы басқарма басшысы Нұрби Жігітеков қорытынды есебінде айтты.  

Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді Фото: gov.kz

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен жиында спикер өткен жылы агро салада атқарылған жұмыстарды баяндап, 2023 жылға арналған жоспарлармен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен биыл ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 21,9 млрд. теңге қаржы қарастырылмақ және қажеттілікке байланысты қосымша 13,0 млрд. теңге жыл ішінде бюджеттік нақтылау кезінде бөлінетін болады.

Одан бөлек, "Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру" пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында 11,5 млрд. теңге бөлініп, бұл қаржыға 22 ауылдық округтегі 1 909 жобаны іске асыру көзделуде және қосымша жоба аясында 40 ауылдық округті қаржыландыру үшін 20,0 млрд. теңге тартылмақ.

Сондай-ақ, аймақта сүт тауарлы фермаларын құру, көкөніс қоймаларын салу, құс және балық шаруашылығы сияқты жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен несие есебінде 34,0 млрд. теңге қарастырылуда.

2023 жылы ауыл шаруашылығында 680,6 млрд. теңгенің өнімін өндіру, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестицияны - 55,2 млрд. теңгеге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынатын инвестицияны - 4,4 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Бұдан өзге ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын 770,7 мың гектарға, қант қызылшасының алқабын 10,0 мың гектарға жеткізу, су үнемдеу технологияларын 57 мың гектарға енгізу және ауыл шаруашылығы техникаларын 15,0 пайызға дейін жаңарту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу