Биыл "Жастар практикасы" аясында 25 мың жас жұмыспен қамтылмақ

141

Бағдарламаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет.

Биыл "Жастар практикасы" аясында 25 мың жас жұмыспен қамтылмақ Фото: gov.kz

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жастар практикасына алған мамандығы (біліктілігі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатыса алады.

Практикадан өту кезеңінде әрбір қатысушыға жұмыс беруші тарапынан тәлімгер бекітіледі, ол кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.

"Жастар практикасын" қаржыландыруды Еңбек ұтқырлығы орталығы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жалақыны ай сайын төлей отырып жүзеге асырады. Төлем жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карталық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізіледі.

"2026 жылғы ақпан-наурыз айларының қорытындысы бойынша жоба аясында 423 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаға қатысушылар жұмысқа орналасқан ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында мейіргер (124 адам), заңгер (66 адам), шет тілі мұғалімі (57 адам), тәрбиеші (47 адам) және бастауыш сынып мұғалімі (43 адам) бар. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 129,7 мың теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу