Биыл желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

230

Биыл мереке сейсенбіге түскендіктен, қазақстандықтар қосымша демалыс алмайды.

Биыл желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды Фото: Pixabay.com

Қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 күн демалады. Биыл Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тек бір күн ғана демалыс беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндерінің 2025 жылғы күнтізбесіне сәйкес, қараша айында отандастарымыз 9 күн демалады.

Алдағы желтоқсан айында да бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 демалыс күні болады. Айта кетейік, қосымша демалыс аптаның ортасында – 16 желтоқсанға, Тәуелсіздік күніне орай сейсенбіге түседі.

Егер мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сай келсе, демалыс бір күнге ұзартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу