Биыл жемқорлар 6,4 миллиард теңге көлемінде залал келтіріп үлгерген

868

Соңғы екі айда келтірілген залал көлемі 1,5 млн теңгеге жеткен.

Биыл жемқорлар 6,4 миллиард теңге көлемінде залал келтіріп үлгерген

Елімізде 2019 жылдың бірінші тоқсанында жемқорлыққа қарсы 524 іс қозғалып, қазынаға 6,4 млрд теңге көлемінде залал келген. Оның 3,6 млрд теңгесі тәркіленіп алынған, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистикаға сәйкес, соңғы екі айда келтірілген залал көлемі 1,5 млн теңгеге жеткен. Қозғалған қылмыстық істердің ішінде 6 млрд теңгені құрайтын 65 дерек өз қызметін асыра пайдалану баптары бойынша тіркелген. Ал өзгенің мүлкін талан-таражға салу бабы бойынша қозғалған істерден 142,6 млн шығын келген. Ал парақорлыққа жатпайтын баптар бойынша 29 іс қозғалған. Оның ақшадай көлемі – 355,8 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу