Биыл Жетісу облысында егіс алқабы 512 мың гектарды құрайды

412

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық.  

Биыл Жетісу облысында егіс алқабы 512 мың гектарды құрайды Фото: canva

Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын 511,8 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, егіс алқаптарын әртараптандыруды ескере отырып, дәндік жүгері егісі 5 172 гектарға, арпа – 4 693 гектарға, қант қызылшасы – 838 гектарға, ал картоп пен көкөніс дақылдары 457 гектарға ұлғайтылады. Жалпы алғанда, 2,1 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімін алу күтілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында өңірде жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарына қажетті 51,9 мың тонна тұқым толық көлемде дайындалған.

Минералдық тыңайтқыштарды дайындау жұмыстары жалғасуда. Облыстың өтінімдеріне сәйкес 5,1 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарына 20,4 мың бірлік техника жұмылдырылады, оның 46 пайызы жоспарлы жөндеуден өткен.

– "Кең дала" бағдарламасы аясында биыл Аграрлық несие корпорациясы арқылы 10,8 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 70 шаруашылық несие алды, тағы 84 шаруашылықтың өтінімдері қаралуда. Ал "ҚазАгроҚаржы" арқылы биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін 15 млрд теңге қарастырылған, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу