Биыл Жезқазғанда онкодиспансердің филиалы ашылады

775

Биыл Жезқазғанда онкодиспансердің филиалы ашылады

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш мәлімдеді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы.

"Мекеменің ауданын кеңейту қажет. Диспансер аумағында жаңа ота жасау-жан сақтау блогының құрылысы жсопарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасалды, қазіргі уақытта ол республикалық сараптамадан өту барысында, – деп мәлімдеді Асқар Хорошаш. – облыстық балалар ауруханасын жаңа ғимаратқа көшірген соң оның копрустарының бірі онкодиспансерге хоспис,оңалту бөлімі мен амбулаторлық жағдайда химия терапия алып жатқан облыс аймақтарынан келген емделушілерге арналған пансионат орналастыру үшін беріледі. Бұнымен қоса ағымдағы жылы Жезқазған қаласында онкодиспансер филиалы ашылады деп жоспарлануда". 

Қарағанды облысының тұрғындарына онкологиялық көмек көрсететіндер: 330 төсек орны бар Облыстық онкологиялық диспансер, Жезқазған қаласының Орталық ауруханасының онкологиялық бөлімі және аудандық онкологтардың 29 кабинеті. Емханаларда 108 қарау және 26 маммологиялық кабинеттер қызмет етеді.  
Онкологиялық диспансердың жанынан қызметті үйлестіру, мониторинг жасау және жедел басқару мақсатында  ахуалдық орталық ашылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу