Биыл жұмысқа орналасқандар саны 27,8%-ға өскен

1075

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында жұмыспен қамту органдарының көмегімен 466,5 мың қазақстандық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Биыл жұмысқа орналасқандар саны 27,8%-ға өскен

Оның 279,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. 17,9 мың жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, білім беру ұйымдарының 30,9 мың түлегі жастар тәжірибеден өтуге, 15,4 мың адам кәсіптік оқытуға жіберілді. 138,5 мың адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Ресми дерек бойынша, жұмысқа орналасқан азаматтар саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27,8%-ға өсті.

Жұмысқа орналасқандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап отыр: бір жыл ішінде көрсеткіш 91,9%-ға артқан. Одан кейінгі орындарда – Жамбыл мен Ақтөбе облыстары. 

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында Алматыдағы жұмыспен қамту орталығына  66,7 мың адам жүгінген. 2019 жылы бұдан 37,5%-ға кем болған еді.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу