Биыл жұмыссыздық қандай деңгейде болады?

777

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов 2021 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Биыл жұмыссыздық қандай деңгейде болады?

2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болған.

«Құдайға шүкір, қазір жағдай тұрақталып келеді. Осы жылы жұмыссыздық шамамен 4,9% деңгейінде болады деп болжап отырмыз. Бұл Жұмыспен қамтудың жол картасы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және биыл жүзеге асырылып жатқан салалық бағдарламаларына байланысты болады», - деді Дәулет Арғындықов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу