Биыл жылқы еті 10%-ға, қой еті бірден 15%-ға қымбаттады

1312

Жалпы, бір жылда ет бағасы орта есеппен 8%-ға өсті.

Биыл жылқы еті 10%-ға, қой еті бірден 15%-ға қымбаттады

2021 жылы ірі қара мал еті мен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,4%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір жыл бұрын осы кезеңде баға 13,2%-ға өскен. Қазақстан Республикасы аймақтарының ішінде ең елеулі өсім Маңғыстау облысында (13,8%-ға), Шымкентте (11,2%-ға) және Түркістан облысында (10,7%-ға) байқалды.  Бағаның ең аз өсуі Қызылорда (5,1%-ға), Солтүстік Қазақстан (5,5%-ға) және Қостанай (6,1%-ға) облыстарында тіркелді.

Қой еті екінші жыл қатарынан күрт қымбаттап келеді: баға 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 15,1% жоғары.

Одан кейінгі орында жылқы еті 11 айдың қорытындысы бойынша 10%-ға қымбаттаған. Бір жылда сиыр еті 8,1%-ға, шошқа еті 7,8%-ға, құс еті 6,6%-ға қымбаттады.

Ет пен құс етінің бағасы жылдан жылға өсіп келеді.  Бұл ретте импорттың үлесі биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында сектордағы ресурстардың небәрі 13,8%-ын немесе 151,7 мың тонна өнімді құрады.  Осы кезеңде импорт көлемі 9,1%-ға төмендесе, өндіріс 7,4%-ға өсіп, 944,3 мың тоннаны құрады.

Бұл ретте ет пен құс етінің экспорты 29 мың тонна болды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 45,9%-ға артық.

2021 жылдың 10 айында ішкі нарықта 1,1 млн тоннаға жуық ет пен құс еті сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу