Биыл жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 жоба іске қосылады

478

Сондай-ақ жылына 25 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыттарын жаңғырту бойынша жобалар да қолға алынады. 

Биыл жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 жоба іске қосылады

Биыл республика бойынша қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасы іске қосылатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Өңделген өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру мақсатында жаңа өңдеу кәсіпорындарын салуды, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды және жете жүктеуді көздейтін шаралар кешені іске асырылатын болады. Биыл республика бойынша қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыттарын жаңғырту бойынша 5 жоба жоспарланған", - деді министр.

Бұдан басқа өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту үшін 5 жоба пайдалануға берілетін болады.

"Атап айтқанда, майлы дақылдарды өңдеу бойынша – қуаттылығы жылына 86 мың тонна болатын 2 жоба, жемістер мен көкөністерді өңдеу бойынша - қуаттылығы жылына 10 мың тонна болатын 2 жоба, нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша – қуаттылығы 1,0 мың тонна болатын 1 жоба", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 5 жылдық кезеңге арналған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іс-шаралары одан әрі іске асырылмақ. Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, бұл жобаларды жүзеге асыру қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу