Биыл алғаш рет ай соңында қосымша демалыс болмайды, өйткені Конституция күні 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс алып тасталды. Бұған Конституция күнінің 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылуы себеп болды. Осыған байланысты тамыз айында қосымша мерекелік демалыс күндер қарастырылмаған.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Конституция күні Қазақстанда 15 наурызда атап өтіледі. Жаңа өзгеріс Конституцияның жаңа редакциясында бекітілген. Бұған дейін мемлекеттік мереке жыл сайын 30 тамызда тойланып, бұл күн ресми демалыс болатын. 30 тамыз мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тасталғандықтан, айдың соңында қосымша демалыс берілмейді.