Биылғы 10 айда мемлекеттік бюджетке 11,7 трлн. теңге салық түсті

584

Салық түсімдерінің артуына негізінен шикізат бағасының өсуі мен экспорт көлемінің ұлғаюы ықпал еткен.  

Биылғы 10 айда мемлекеттік бюджетке 11,7 трлн. теңге салық  түсті Фото: Атамекен

2022 жылғы 10 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,4% орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

11 316,8 млрд. теңге түседі деп белгіленген жоспар 382,0 млрд. теңгеге артық орындалып, іс жүзінде 11 698,8 млрд. теңге түсті. Бұл өткен жылғы осы  кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 400,2 млрд. теңгеге көп.

"Республикалық бюджет 101,1% орындалды, жоспар бойынша 7 867,3 млрд.теңге, 89,3 млрд. теңгеге артық орындалып,  7 956,6 млрд. теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд. теңгеге көп.

Жергілікті бюджет 108,5% орындалды, жоспар бойынша 3 449,5 млрд.теңге, іс жүзінде 3 742,2 млрд. теңге түскен. Жоспар 292,8 млрд. теңгеге артық  орындалды. 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8% немесе 881,7 млрд. теңгеге өсті", делінген ақпаратта.

Республикалық бюджетке түсімдер мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар және үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы бойынша 1,7 есе, ішкі өндіріс тауарларына 57,2%-ға, корпоративті табыс салығы 51,8%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 24,1%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 16,9%-ға өсуі есебінен артқан.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер еткен:

"2022 жылы 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позициялардың, оның ішінде мұнай бағасы 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминий 13,9% және алтын 0,6% өскен. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті", делінген ақпаратта.

Биыл сондай-ақ, үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт 48,3%-ға, импорт 32,5%-ға өсті).

"Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 10 айда өткізу бойынша айналым 22,0%-ға (94 312 млрд. теңгеден 115 081 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды", делінген ақпаратта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу