Биылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңге салық түсті

543

Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 557,1 млрд теңгеге өскен.  

Биылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңге салық түсті

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

"2022 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 104,6%-ға орындалды. Жоспар бойынша 7 740,9 млрд теңге, 352,2 млрд теңгеге асыра орындалып, нақты түскені – 8 093,2 млрд теңгені құрады", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. 

Оның ішінде:
– Республикалық бюджет 100,3%-ға орындалды. Жоспар бойынша 5 417,9 млрд теңге, 18,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 436,1 млрд теңге түсті, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 934,6 млрд теңгеге өсті; 
– Жергілікті бюджет 114,4% орындалды Жоспар бойынша 2 323,0 млрд теңге, 334,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 657,1 млрд теңге түсті. 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,6% немесе 622,4 млрд теңгеге өсті. 

2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 731,2 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 490,7 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 333,9 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 199,8 млрд теңгеге немесе 46,0%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 90,2 млрд теңгеге немесе 18,9%-ға және пайдалы қазбалар өндірісіне салық 71,1 млрд теңгеге немесе 35,1%-ға өскені байқалады.

"Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті. 2022 жылы 7 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 63,3%, мырышқа 30,9%, алюминийге 30,6%, қорғасынға 5,5%, мысқа 3,2% және алтын 2,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 53,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 7 айында – 57,9$, 2022 жылғы 7 айында 1 тонна үшін – 88,6$). Биылғы 7 айда үшінші елдермен тауар айналымы 48,9%-ға өсті (экспорт 61,1%-ға, импорт 21,7%-ға өсті)", – деп хабарлады комитет. 

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 6 айда өткізу бойынша айналым 18,4%-ға ұлғайды. Яғни 51 627 млрд теңгеден 61 140 млрд теңгеге дейін. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу