Биылғы алты айда импорттық тауарлар бағасы 4,1 пайыз қымбаттады

941

Ал экспортталатын тауарлар бағасы 4,3 пайыз көтерілген.

Биылғы алты айда импорттық тауарлар бағасы 4,1 пайыз қымбаттады

Биылғы алты айда (2019 жылғы маусым 2018 жылғы желтоқсанға) экспортталатын тауарлар бағасы 4,3%, импорттық тауарлар бағасы 4,1% қымбаттады.

Экспорттық жеткізілімдер ішінде ферроқорытпалар мен қорғасын бағасы төмендеген, алғашқысы  11,7% арзандаса, қорғасын бағасы 4% төмендепті. Мақта бағасы 2,9% төмендеген.

Ал темір кендеріне – 33,3%, көмірге – 19,2%, мұнайға – 11,5%, порландцементке – 7,9%, мырышқа – 4,1%, мысқа – 2,1% баға жоғарылады. Бидайға – 18,8%, күрішке – 6,2%, жүнге 1,6% жоғарылауы тіркелді.

"Импортталатын өнімдерден көкөністер – 41,6%, балық – 8,2%, шұжық өнімдері – 7,5%, сүт өнімдері – 6,3%, кофе – 5,4%, құс еті, шай – 4%-дан, маргарин – 2,8%, өсімдік майы – 2%, темекі 1,3% қымбаттады, жемістер мен жаңғақтар – 4,3%, қант 2,7% арзандады. Баға пластмассаға – 7,4%, сүрекке – 6%, құрылыс материалдарға – 5,4%, қағазға 5,2% жоғарылады, былғарыға – 0,7%, аяқкиімге 0,4% арзандады",– делінген ҰЭМ статистикасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу