Биылғы болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей

Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың га қант қызылшасы егіледі. 

Биылғы болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей Фото: Егемен Қазақстан

Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, биылғы жылы болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болып, 23 млн гектардан астам аумақты құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"Астық-жемдік және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың га қант қызылшасы егіледі. Көкөніс және бақша дақылдарының өсуі күтіліп отыр. Сондай-ақ, 9,9 мың гектарға күріштің егістік алқаптары өсіріледі", – деп хабарлады АШМ.

Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Мәселен, 2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 11,4 млрд теңге қарастырылған, бұл тұқым себудің жоғары пайызын 97% деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді.

Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, биылғы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды.

Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған, алайда бұл тыңайтқыштардың бағасының өсуін ескере отырып, фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

АШМ әкімдіктерге бюджет қаражатының көлемін қажеттіліктерге қарай ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу