Биылғы экспортқа шығарылатын тауарлар тізімі түзілді

2452

Экспорттың географиясы кеңейтілмек.

Биылғы экспортқа шығарылатын тауарлар тізімі түзілді

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстанбек Қабыкенов биылғы жылы экспортқа шығарылатын тауарларды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл экспорттың географиясы кеңейеді деген жоспарымыз бар. Теміржол өнімдері  – Мысыр, Әзербайжан мен Өзбекстанға, аммиак селитрасы – Грузияға, сары фосфор мен фосфор-калий тыңайтқыштары  –  АҚШ, Чеxия, Германия мен Польшаға, балмұздақ  – Моңғолияға, су, сүт пен ет  –Ауғанстан, Сингапур мен Қытайға, жеңіл көліктер –  Қырғызстанға, арматура – Тәжікстанға, сафлор майы –  Жапонияға, натрий цианиті – Ресейге, амоний сульфаты – Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанға, xром өнімдері мен алкогольсіз сусындар – Жапония, Ұлыбритания, Түркия, Ауғанстан мен Беларусь еліне, құрылыс қызметтері, синтетикалық микрофибра, шойын бұйымдары және автобустар жақын шетелге экспортталады", – деді Арыстанбек Қабыкенов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, ресми мәліметке сәйкес, 2018 жылы он бір айдың ішінде жалпы экспорттың көлемі 54,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Бір жылдың ішінде аталған көрсеткіш 26,4 процентке өсті. Соның ішінде шикізаттық емес өнімдердің көлемі 2,9 процентке артып, 14,3 миллиард долларды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінің экспорты 9 процентке өсіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу