ҚР АМЖТ Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанға 5 122 адам келді, елден 7 041 адам кеткен, көші-қон сальдосы 1 919 адамды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,3%, кеткендер – 80,1% мигранттардың жалпы санынан.
Қазақстандықтар ел ішінде көшу үшін үш облысты таңдайды – Алматы (11 577 адам), Нұр-Сұлтан (10 300 адам) және Шымкент (1 664 адам).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу