Биылғы жылы Алматы облысында 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады

867

Биыл Алматы өңірінде республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 73,2 шақырым автожолдың 4 учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Биылғы жылы Алматы облысында 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады

Республикалық маңызы бар Р-19 "Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский-Екатеринбург-Алматы" автожолынның ұзындығы 29 шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ал, республикалық маңызы бар А-3 "Алматы-Өскемен" автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың  жолда борттық тастар орнатты. Аталған жұмыстар "Көкпек-Кеген-Түп" 68-74 шақырым жолдарында да жасалуда. 

Сондай-ақ Алматы облысындағы А-5 "Ақсай-Чунджа-Көлжат" көлікжолының 90-105 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 тонна қара қиыршық тас дайын. 

"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" 137-154 шақырым учаскесінде жолшылар суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Барлық жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу