Биылғы жылы теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1% артты

789

Ал жолаушылар тасымалы 8%-ға төмендеді. 

Биылғы жылы теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1% артты

2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде теміржол көлігімен 96,9 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары. Бұл туралы Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жалпы алғанда 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 4,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн тоннаға немесе 26% жоғары. Сондай-ақ 2020 жылдың алғашқы тоқсанында контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 2019 сәйкес кезеңінен 7%-ға өскен. Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ға артты. Ал жолаушылар тасымалы бұл кезеңде 8%-ға төмендеп, 4,8 млн адамды құрады", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу