"Біз Арысқа бармаймыз!"

847

Осылай деп наразылық танытып жатқан Арыс тұрғындарын Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов сабырға келтіре алмаған соң, ол жерге өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп жетті.

"Біз Арысқа бармаймыз!"

Қаладағы Ақмешіт мешіті аумағына жиналған адамдар шулап, кимелеп, әкімнің диалог құруына мүмкіндік бермеді. Осы арада имам келіп құран оқыды. Құранға ұйыған жұртшылық біршама тынышталғандай болды. Тек осыдан кейін ғана наразы тараптың шағымын тыңдау басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, арыстықтар Шымкент пен Түркістан қаласынан баспана салып беруді талап етіп отыр. Олар Арыс қаласында жарылыстан соң радиация қаупі бар екендігін, сондай-ақ қоймадағы қалған қарудың әлі де жарылуы мүмкін екендігін айтады.

Өмірзақ Шөкеев бүгінде апат аймағы снарядтардан тазартылғанын, енді қауіп жоқ екеніне сендіруге тырысты. Оның айтуынша, қоймадағы қарудың 70 пайызы жарылып кеткен, ал қалған 30 пайызы қала аумағынан әкетіледі.

Өңір әкімі бұған дейін Ғабидулла Әбдірахымовтың Шымкенттен не үшін жер берілмейді деп айтқанын түсіндіріп бақты. Тұрғындардың баспанасына оралып, ары қарай алаңсыз өмір сүруі үшін қазір қауіп сейілген айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу