"Біз біргеміз" акциясының екінші кезеңі басталады

1390

"Birgemiz" қоры бүгінгі таңда 152 000 аз қамтылған отбасыға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

"Біз біргеміз" акциясының екінші кезеңі басталады

Jas Otan еріктілері тағы 10 000 отбасыны азық-түлікпен қамтиды. Бұл туралы "Jas Otan" жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

"Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Біз біргеміз" акциясының екінші кезеңін бастаймыз. Осы акция аясында 10 000-нан астам әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдермен және бетперделермен қамтамасыз етеміз. Аталмыш акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады", – деді Елнұр Бейсенбаев.

Әр қорапта 30 кг астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон өнімдері, күнбағыс майы  және шәй секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ, азық-түлікпен пен қоса, отбасыларға  бетперделер жеткізіледі. Әр отбасыға 50 данадан беріледі.

Сонымен қатар, Елнұр Бейсенбаев өткен аптада "Birgemiz" қоры сатып алған 5 млн қорғаныс бетпердені, еліміздің  3 ірі қалаларының тұрғындарына таратылып жатқанын айтты. Бүгінгі күнге дейін 2 млн-нан астам маска 40 000 отбасыға таратылды.

Жалпы алғанда бұл іске еліміз бойынша 3000-нан астам ерікті қатысуда. Осы жағдайды пайдалана отырып, біз өз денсаулығын қатерге тігіп, қызмет етіп жатқан, барлық волонтерларға ерекше алғыс білдіреміз, деп атап өтті "Jas Otan" жетекшісі

19 наурыздан бастап Jas Otan-ның 3000-нан астам еріктілері 56 мыңнан астам отбасын бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көрсетті. Күн сайын Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында еріктілер 1200-ден астам жалғызбасты зейнеткерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.

"Birgemiz" қоры бүгінгі таңда 152 000 аз қамтылған отбасыға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Қор сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2000-нан астам дәрігеріне 50 000 теңге көлемінде ақшалай қолдау көрсетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу