Біз лайықты нәтиже көрсеттік – Айқын Қоңыров

1001

Қазақстан Халық партиясының XVII кезектен тыс съезі басталды.

Біз лайықты нәтиже көрсеттік – Айқын Қоңыров Фото: parlam.kz

Партия төрағасы Айқын Қоңыров сайлау өрескел құқық бұзушылықсыз өткенін және оның нәтижесін халықаралық қауымдастық мойындағанын жеткізді.

– Біз лайықты нәтиже көрсеттік. Ендігі міндет – партияның бастамаларын ойдағыдай жүзеге асыру, – деді Айқын Қоңыров. 

Сайлау қорытындысы туралы республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі, ҚХП орталық комитетінің хатшысы Олжас Сыздықов баяндады.

Ол партияның үгіт-насихат жұмысы ойдағыдай жүргізілгенін мәлімдеп, партиялық тізім бойынша ҚХП атынан мәжіліске 113 және түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 214 кандидат ұсынылғанын айтты. 

– Сайлауға қатысқан кезде партия заң шығарушы және жергілікті билік органдарында мүмкіндігінше көп орын алуды көздеді. Біздің алдағы жұмысымыздың мақсаты – қарапайым адамдардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, – деді Олжас Сыздықов. 

Ол партияның сайлауалды бағдарламасы ел азаматтары тарапынан қолдау тапқанын тілге тиек етті. 

– Біз сайлауалды тұғырнаманың әрбір қазақстандық сайлаушыға жетуі үшін бар күшімізді салдық, – деді Олжас Сыздықов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу