Олар үкім жарияланғаннан кейін сот пен прокуратураға және қазақстандықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеоны блогерлердің адвокаты Гауһар Айтжанова жариялаған.
Онда ерлі-зайыпты Жанабыловтар өз қатесін түсінгенін жеткізіп, өзгелерді мұндай іс-әрекеттен аулақ жүруге шақырған.
– Біз сотқа, қабылданған шешім үшін прокуратураға алғыс айтқымыз келеді. Сондай-ақ, бейжай қарамай, қолдау білдірген, бізге деген ықыласы мен сүйіспеншілігін сездірген барша отандасымызға рақмет! Туыстарымыз сіздердің тілектеріңізді оқып, бізге жеткізіп отырды. Тіпті, Гауһар Алтынбекқызы да үнемі "Жұрттың бәрі сіздерді қолдап жатыр" деп айтып жүрді. Біз өз қатемізді түсіндік. Мұны қайталамаңыздар! Сондықтан, баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз, – деді Эльмира Төлегенова көпшілікке үндеуінде.
Өз кезегінде блогер Ерболат Жанабылов та қарап қалмады.
"Барлық оқырманға және бізді қолдаған жандарға көп рақмет!" деп ағынан жарылды ол.