"Біз – тәуелсіз елміз": Куба Дональд Трамптың мәлімдемесіне жауап берді

403

Елдің басшысы әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

"Біз – тәуелсіз елміз": Куба Дональд Трамптың мәлімдемесіне жауап берді Фото: AP Photo

Куба президенті Мигель Диас-Канель Ақ үй басшысы Дональд Трамптың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

"Куба – еркін, тәуелсіз әрі егемен мемлекет. Ешкімнің де бізге не істеу керектігін айтуға хақы жоқ. Барлығын, тіпті адамның өмірін бизнеске айналдыратындар Кубаға бірдеңе деп айтуға құқылы емес", – деп жазды Мигель Диас-Канель X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Кубадағы қиын экономикалық ахуал – Вашингтонның елге қарсы жасаған 60 жыл бойғы әрекетінің нәтижесі. Бұған дейін Дональд Трамп әлеуметтік желісіндегі жазбасында Кубаның жылдар бойы Венесуэладан үлкен көлемде мұнай мен ақша алып отырғанын жеткізген болатын. 

"Енді Кубаға мұнай да, ақша да келмейді. Мен Куба билігін кеш болмай тұрғанда АҚШ-пен келісім жасауға шақырамын", – деді Ақ үй басшысы.

АҚШ президенті қандай келісімді меңзегенін ашып айтпады. Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригес те Трамптың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"АҚШ-тағы сияқты бізде басқа елге қоқан-лоққы жасайтын немесе әскери қысым көрсететін үкімет жоқ. Куба кез келген мемлекет сияқты жанармайды импорттауға толық құқылы", – деді Куба СІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу