"Біз төртінші кезеңде өмір сүріп жатырмыз": Сейсмолог Алматыда жер сілкіністері неге жиілеп кеткенін айтты

1249

Қырғызстанның бас сейсмологы Қанат Әбдірахматов Facebook әлеуметтік желісінде Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдерді сипаттайтын зерттеуді жариялады.

"Біз төртінші кезеңде өмір сүріп жатырмыз": Сейсмолог Алматыда жер сілкіністері неге жиілеп кеткенін айтты Фото: depositphotos.com

Марқұм қырғыз ғалымы, профессор Е.Мамыровтың бұл еңбегінде аймақтағы жер сілкінісінің жиілігі туралы айтылады.
Қанат Әбдірахматовтың айтуынша, 1900 жылдан бері облыс үш сейсмикалық белсенді кезеңді бастан өткерсе, 2008 жылдан бастап төртінші кезең басталды. Әрбір осындай кезеңнен кейін сейсмикалық белсенділік әлсірейді екен.

"Әртүрлі түстермен боялған белгілі бір кезең бар. Қызыл күшті жер сілкінісі болған кезеңдерді, жасыл тыныш кезді көрсетеді. Олар орташа болды,қарқындылығы 5-6 баллдан аспады", – деп жазады Қанат Әбдірахматов.

Сейсмологтың айтуынша, біз қазір 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенді кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ол 2026 жылы аяқталады деген болжам бар.

                                 Фото: Қанат Әбдірахматовтың Facebook парақшасынан

"Мамыровтың есептеулері бойынша, осы белсенді кезеңде жер сілкінісінің күші 5-6 баллдан аспауы керек еді. Әзірге бұл болжам дұрыс боп шықты. Болжағаннан асып кеткені – 23 қаңтардағы Қытай жер сілкінісі", – деді сейсмолог.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу