"Бізбен бірге жазаға тартылсын дедім": Тоқтаубаев Әскентай туралы өтірік айғақ бергенін айтты

462

Сот отырысын онлайн көруге болады. 

"Бізбен бірге жазаға тартылсын дедім": Тоқтаубаев Әскентай туралы өтірік айғақ бергенін айтты Фото: Бейнежазбадан

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Үшінші сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіз "Дархан ерегісіп тұрған балалардың біреуін ұрып жіберді" деген алғашқы берген жауабыңызды қолдамаймын дедіңіз. Қобалжып айтылды дедіңіз. Алайда одан кейінгі екінші жауабыңызда да сіз дәл солай жауап бергенсіз. Сол кезде кезде қандай жағдайда болдыңыз?", - деп сұрады прокурор Дана Сәрсенбай.

Сотталушы Азамат Тоқтаубаев Дархан жайлы айтқан осыған дейінгі сөзін қолдамайтынын айтты.

"Дархан жайлы жалған, қарама-қайшы айғақ беріп жібердім. Дарханға кішкене ашулы күйде болдым. Ол іске Дарханның мүлде қатысы жоқ. Ешкімді ұрмады, қолында ешқандай пышақ болған жоқ. Сол себепті бізбен бірге жазаға тартылсын дегендей тарттым. Қазір енді ол берген жауабыма өкінемін. Дарханның ешкімді ұрғанын көрген жоқпын. Мен өтірік айғақ беріп жібердім", - деді айыпталушы.

Мемлекеттік айыптаушы "Сонда сіз Әскентайға жалған жала жаптыңыз ба?" деп нақтылады.

"Мен жала жапқан жоқпын. Өтірік айғақ беріп жібердім", - деді Азамат Тоқтаубаев.

Айта кету керек, бұған дейін Шерзат ісіндегі үшінші сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатқанын жазғабыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу