Біздің жұмысымыз іс-әрекетімізді ақтауға емес, саясатымызды түсіндіру – Ақышев

1077

Біздің жұмысымыз іс-әрекетімізді ақтауға емес, саясатымызды түсіндіру – Ақышев

Ұлттық Банк халықпен, журналистермен және қаржы нарығының кәсіби ойыншыларымен кері байланысты нығайтып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдерімен және бұрынғы ҰБ басшыларымен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, Ұлттық Банктің саясаты, біріншіден, айқын болды, ал екіншіден, прагматикалық саясатқа айналды. "Ол саяси міндеттерді орындауға емес, экономикалық міндеттерді – қаржы секторын тұрақтандыруға, инфляция деңгейін қолдауға бағытталған. Біздің жұмысымыз бірінші кезекте өз іс-әрекетімізді ақтауға емес, саясатымызды түсіндіруге бағытталған", — деді ол.

"Біз үшін ақша-кредит саясатын және қаржылық реттеуді жүзеге асырып отырған орган ретінде Ұлттық Банкке деген сенімді қалпына келтіру, сондай-ақ нарықтың қатысушыларын және халықты Ұлттық Банктің қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар ету аса маңызды болып табылады", — деп атап өтті Д. Ақышев.

Данияр Ақышевтың сөзінше, бүкіл әлемдегі орталық банктің ашықтығы мен айқындығы ақша-кредит саясатын табысты жүргізу кепілдерінің бірі болып табылады. Бұл халықтың және нарықтың қатысушыларының жүргізіліп отырған саясатқа және жалпы алғанда Ұлттық Банкке және теңгеге деген сенімнің артуына әкеледі.

"Бүгін біз жұртшылықпен және нарықпен барынша тиімді жұмыс істеу үшін коммуникациялық байланыстарды қалпына келтіріп отырмыз. Тұтастай алғанда, менің ойымша, мәселе Ұлттық Банктің саясаты қалай аталатынында емес, ең бастысы, ол халыққа және барлық қатысушыларға түсінікті болса болды", — деді Д. Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу