Бизнес-идеяларды іске асыру үшін 12 мыңнан астам адам грант алды

490

Оның 8 мыңға жуығы ауыл тұрғындары. 

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін 12 мыңнан астам адам грант алды

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Business.enbek.kz порталы арқылы 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде өз ісін ашуға 400 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі гранттарды 12,1 мың адам алды, оның 7,9 мыңы (65,3%) – ауылдық жерлердің тұрғындары, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бизнесті ашуға мемлекеттен қаржылық қолдау бөлінген азаматтар грант алған күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық органдарында тіркеуге міндетті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті 7 133 адам тіркеді.

Мемлекеттік грант алушылар қатарында жастар арасынан 5 865 адам, көпбалалы отбасылардан 3 580 адам, 1 061 – мүгедектігі бар адам, 760 – мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адам, табысы аз отбасылардан 453 адам, 119 ішкі қоныс аударушылар, 97 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 15 қандас бар.

Гранттар қажетті құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға, жануарларды өсіруге және өсімдіктерді өсіруге, сондай-ақ үй-жайларды жалға алуға берілді.

2022 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын жастар мен азаматтар үшін 20 мың грант беру жоспарлануда. Әлеуетті алушыларды іріктеу 5-ші лекте жүргізілетін болады, бұл ретте 4-ші лек шеңберінде кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекте аяқталатынын істеріңізге сала кетейік.

Грант алуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру ол басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы жұмыспен қамту органдарының және қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында жарияланады.

Гранттар берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды, мемлекеттен өз ісін ашуға қаржылық қолдау алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу