"Бизнес курс" сатып, Instagram-да заңсыз лотерея өткізген ақтаулық айыппұл арқалады

136

Ер адам 825 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.  

"Бизнес курс" сатып, Instagram-да заңсыз лотерея өткізген ақтаулық айыппұл арқалады Фото: arbatmedia.kz

 

Ақтауда "Нөлден бастап бизнес ашу" курсының авторына әлеуметтік желіде заңсыз лоторея өткізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігімен ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.
 
Сотпен анықталғандай, лотерея операторы болып есептелмейтін тұлға М. 2025 жылғы 16 қаңтарда Ақтау қаласында "Instagram" әлеуметтік желісіндегі "А"аккаунтының парақшасында ұялы телефондардың, ақша қаражатының және автокөлік құрылғысының ұтыс ойынына қатысу үшін өзінің "Нөлден бастап бизнес ашу" курсын сатып алған адамдарға қаражат қабылдауын бастағаны жайлы жариялап, лоторея өткізген.

"М.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, "Instagram" әлеуметтік желісіндегі "А" аккаунт парақшасының скриншоттарымен анықталған және сотта зерттелген жол берілетін және жеткілікті дәлел бола алатын іс материалдарымен расталды. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 825 720 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу