Бизнес үшін 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі

1270

Бизнес үшін 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі

Шаруалар екінші деңгейлі банктер арқылы өз жобаларын жаңартуға, кеңейтуге, құрал-саймандар сатып алуға несие ала алады. Бұрын жылдық пайыздық мөлшерлеме 19% болып, оның ішінде 10%-ын мемлекет субсидияласа, биылдан бастап бұл мөлшер 14,5%-ға кеміді, деп хабарлайды atpress.kz. 

"Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 20 миллион теңгеге дейін несие ала алады", - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілі Бибігүл Тоғызова.

Айтуынша, кәсіпкерлерге "Даму" қоры несие сомасының 85%-на дейін кепілдік ұсынуға мүмкіндік жасайды.

"Ал, үш жылдан аса уақыт бойы жұмыс жасап келе жатқан бизнес өкілдеріне аталмыш қор несие сомасының 50%-на дейін кепіл болады. Бұл бағдарлама шеңберінде былтырғы жылы Құрманғазы ауданы бойынша 25 миллион теңгеге екі жоба қаржыландырылды", - деді спикер кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша өткен көшпелі мәжілісте.

Спикердің айтуынша, грант құралы үш миллион теңгеге дейін беріледі. Оған ісін жаңа бастаған немесе жас кәсіпкерлер, мүгедек адамдар қатысады. 

"2017 жылы Құрманғазы ауданында балаларды оқыту орталығын ашу үшін бір адам грантты ұтып алған болатын. Биылғы жылы бағдарламаға облыс көлемінде 29 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Оған қатысқысы келетіндер құжаттарын Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық басқармаға тапсырулары қажет. Тағы бір айта кетерлік жағдай, былтыр 1 миллиардтан астам қаражат бөлініп, оған 500-дің үстінде жаңа жұмыс орны ашылды. 242 ауыл кәсіпкерлерінің жобалары қаржыландырылды", - деді спикер мәжіліс барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу