Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесінің құқықтық тетігі белгіленеді – Бақыт Сұлтанов

444

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған "Техникалық реттеу" туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді.

Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесінің құқықтық тетігі белгіленеді – Бақыт Сұлтанов

"Еуразиялық экономикалық одақ аясында келіссөздер позициясын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанынан сараптамалық кеңес қызметін қайта құру көзделіп отыр.

Қазақстандық техникалық регламенттерді әзірлеудің тәртібі қайта қаралады. Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі белгіленеді", – деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, зертханалық тәжірибені дамытуға ерекше назар аударылады. 

"Бұл үшін ұлттық аккредиттеу орталығына мониторинг органының функциялары ұсынылады. Бұл экономикалық ынтымастық және даму ұйымы елдерінде қазақстандық сынақ хаттамаларын тануға серпін береді. Аталған нормалар қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылығын қорғауға және Қазақстанға тиімді позицияларды кәсіби түрде қорғауға ықпал етеді", – деді Бақыт  Сұлтанов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу