Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай жасалған өңір анықталды

1231

Сондай-ақ, үздік аудан да белгілі болды.

Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай жасалған өңір анықталды

2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп Қызылорда облысы танылды, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Бағалау екі деңгейде жүргізілді: өңірлік  (14 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары) және аудандық  (160 аудан мен облыстық маңызы бар 37 қала, облыстардың әкімшілік орталықтарын қоса алғанда).

Өңірлер арасында Қызылорда шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің саны, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша үздік нәтижелер көрсетті.

Ал 2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған үздік аудан деп Батыс-Қазақстан облысының Теректі ауданы танылды.

Батыс-Қазақстан облысының Теректі ауданы коммуналдық желілердің сапасы, жергілікті атқарушы орган жұмысының тиімділігі көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады. Сондай-ақ, ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мен шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық аударымдарының көлемі бойынша оң үрдістер байқалады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп 2017 жылдан бастап бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін жүргізуде. Рейтинг ресми статистиканың объективті деректеріне, сауалнаманың субъективті деректеріне негізделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу