Бизнеске келген залал сомасы 95,3 млрд теңгеден асты

1281

Call-орталыққа 3 507 қоңырау түскен.

Бизнеске келген залал сомасы 95,3 млрд теңгеден асты

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында бизнеске шамамен 95,3 млрд теңге залал келген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атамекен" ҰКП дерегінше, Call-орталыққа барлығы 3 507 қоңырау түскен.

"Оның ішінде тонау бойынша – 1 669, форс-мажор туралы куәлік алу – 138, блок-бекеттерден өту – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардың қоңырауы – 1 671", – деп жазылған хабарламада.

9 өңірде 1 528 бизнес субъектісі зардап шеккен. Олар 1 709 объектіде орналасқан. Оның ішінде Алматыда 1 408 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен (1 578 объектіде орналасқан). 

"Зардап шеккен бизнес субъектілерінің филиалдары: сауда – 1448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Бизнеске залал көлемі шамамен 95,3 млрд теңге болды (Алматы – 93,8 млрд теңге)", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу