Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден 93,7 млрд теңгеге қысқарды

928

Себебі жұмысын тезірек бастау үшін кей кәсіпкерлер нысандарды өздері қалпына келтіріп, көмектен бас тартты. 

Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден 93,7 млрд теңгеге қысқарды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1432 байланыс орталығына кәсіпкерлер тәртіпсіздік салдарынан келтірілген залал туралы ақпарат, фото және видеоларды жіберуде. Сонымен қатар жұмысын тезірек бастау үшін кәсіпорындарын өздері қалпына келтіріп жатқан кәсіпкерлер бар, деп жазды inbusiness.kz кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осылайша кәсіп иелері зардап шеккен бизнес тізілімінен шығып, қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіпорындар көмектен бас тартқаннан кейін алдын ала есеп бойынша жалпы шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден 93,7 млрд теңгеге дейін азайды", – деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. 

Елдің 10 өңірінде 2023 нысанда орналасқан 1 731 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Соның ішінде Алматы қаласында – 1 869 нысанда орналасқан 1 591 субъект бар. 

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 581, қоғамдық тамақтану – 48, қаржы секторы – 71, логистика – 26, БАҚ – 5.

Байланыс орталығына барлығы 5 750 қоңырау түсті. Соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2 115, форс-мажор – 307, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 23, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 445, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2 085. 

"Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәлік алу бойынша 502 қоңырау және 89 өтініш келіп түсті", – деп толықтырды ұйым.

Еске сала кетсек, зардап шеккен бизнес иелеріне Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған "Күшіміз бірлікте" қорынан көмек көрсетіледі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу