Бизнеске қойылатын талап түсінікті болуға тиіс – Рустам Жүрсінов

838

Отырыста кәсіпкерлер кейбір мәселелерді Үкімет деңгейінде көтеру керегін атап өтті. 

Бизнеске қойылатын талап түсінікті болуға тиіс – Рустам Жүрсінов

Қостанай облысында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу облыс әкімдігінде өтті. Оған Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдері қатысты. 

Облыстық құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Ирина Викулова бүгінде салада бірқатар бюрократиялық кедергі барын, салдарынан құрылыс компаниялары нысандарды уақытында тапсыра алмай отырғанын айтты.

"2019 жылдан бастап объектілерді пайдалануға беру актісіне қол қою кезінде Ұлттық сараптама орталығымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен келісу жүргізу керек. Бұл келісулер жобаларды іске асыруға жауапты техникалық және авторлық қадағалау мамандарының жұмысын қайталайды. Сондай-ақ объектілерді пайдалануға берген кезде айтарлықтай кедергі болып саналады. Мемлекеттік органдар бюрократияны күшейте отырып, артық пункттерді пайдаланады. Біз енгізу актісінен 12 және 13-тармақтарды алып тастауды сұраймыз", – деді Ирина Викулова.

Рустам Жүрсінов "Промбаза-7" ЖШС құрылтайшысы Мұхамбетжан Акуловтың мәселесін де бақылауға алды. 

Құрылтайшының айтуынша, облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша сұйытылған газды сататын 4 компанияға қатысты хаттама толтырылған. Олар бәсекелестікке қарсы іс-әрекет жасаған. Алайда мұнымен кәсіпорындар келіспейді. Себебі сұйытылған газдың бағасы биржадағы газды сатып алу шығындары мен бағаларын ескере отырып, дербес анықталған.

"Мәселе мұқият талданып, оны шешуге қолдау көрсетіледі. Талдау барысында бүгінде бизнеске көптеген талап қойылады. Олардың кейбірі моральдық тұрғыдан ескірген. Бизнеске қойылатын талап түсінікті болуы тиіс. Ең бастысы олар орындалуы шарт", – деді Рустам Жүрсінов.

Қостанай облысы – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл барған үшінші өңір. Сапар қорытындысы бойынша Президентке бизнестегі мәселелер туралы есеп дайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу