banner

Бизнеске қойылған 30 мың талап бар

1112

Бүгінде бизнес жүргізуге 30 мың талап қойылып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Бизнеске қойылған 30 мың талап бар

Ол бүгінде елімізде бизнеске қысымды төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Біз бизнеске қойылатын барлық талапты есептедік, олар 30 мыңға жеткенде тоқтадық. Бір бизнестің өзіне қатысты 200-ге жуық заң бар (алдын ала деректер бойынша 182). Мұндай жағдайда кәсіпкер, әсіресе шағын бизнес қалай жұмыс істейді? Сондықтан дамыған елдердің тәжірибесі негізінде жаңа реттеуші саясатта "ойын ережелері" өзгереді, бизнеске қатысты өзекті емес, артық, қайталанатын талаптар алынады", - деді Тимур Құлыбаев V республикалық кәсіпкерлер форумында.

Оның айтуынша, барлық жаңа талап бірыңғай тізімге жинақталып, цифрландырылады. 

"Ол бизнес үшін талаптар мен шарттардың толық жиынтығы бар бірыңғай құқықтық базаға айналады. Мұндай жұмыс бір реттік акция емес. Біз тиімді реттеудің тұрақты жұмыс істейтін тетігін құрғымыз келеді... Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен осы жұмысқа қосылуды және нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу кезінде талаптардың ревизиясын бақылауға алуды сұраймыз", - деп түйіндеді сөзін төралқа төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу