Бизнеске несие беру көлемі 31 пайызға артқан

1514

Кәсіпкерлік мақсатта ең көп несие алған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан. 

Бизнеске несие беру көлемі 31 пайызға артқан

Ұлттық банк мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шағын бизнеске 1,6 трлн теңге бөлінсе, 2019 жылы 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша бөлінген қаражат 2,1 трлн теңге болған. Яғни бес жылдың ішінде бұл саланы несиелендіру көрсеткіші 31,2%-ға артқан. 

Қарыздардың басым көпшілі ұлттық валютамен берілген. Биылғы жылдың соңғы сегіз айында шағын бизнес өкілдері аталған қаржының 1,6 трлн теңгесін несиеге алған. 


Егер аймақтар бойынша қарайтын болсақ, бес жылдың ішінде банктер алматылық шағын бизнес иелеріне 1,2 трлн теңге, нұр-сұлтандық кәсіпкерлерге 266,5 млрд теңге несие берген. Одан кейінгі орында 73 млрд теңгемен Қарағанды облысы мен 69 млрд теңге қарыз алған Шымкенттік шағын бизнес иелері тұр.

Ал 2019 жылдың қаңтар-тамыз аралығында шағын бизнес субъектілеріне Алматы облысында – 22 млрд теңге, ал Түркістан облысында 1 млрд теңге несие беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу